Танымал заңгер, құқық қорғаушы Ләззат Рақышева өзінің 6 жасар кезінде қалай зорлық-зомбылыққа ұшырағанын бүге-шігесіне дейін айтып, жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
Зорлық көрген баланың көзінде мұң, жанарында жас қалады… Сол жазда 1980 жылы Ләззәт алты жасқа әлі толмаған еді. Ол жаз мезгілін жақсы көретін: үнемі ашқұрсақ жүретін оған жазда қарнының ашқаны аса біліне қоймайтын, ағаштың басынан жеміс жұлып жейсің, қарбыз немесе басқа да жеміс жеп жүре бересің.
Оның үстіне, жазда үстіңде жеңіл көйлек, жалаң аяқ күні бойы жүгіруге болады. Суды көшедегі колонкадан ішіп, аулада бір ағаштың көлеңкесінде қуыршағыңмен ойнап отыра бересің.
Жыл бойы мұғалім болып жұмыс істеген өгей шешесі Сәуле жазғы демалыста өзінің ата-анасына қыдырып кетті. Енді, кішкентай қыз тіпті қараусыз қалды, әкесі күні бойы жұмыста, ағасы таң атысымен достарымен бірге кететін, тек су ішуге немесе доп алып кетуге ғана кіріп шығатын.
Бестен жарты жыл асқан Ләзконды есейіп, ес білетін жасқа келдің деп көршілерге яки болмаса туысқандарына тапсырмай, ешкімнің қарауынсыз қалдыра беретін болды. Кішкентай болса да зерек еді, ұлдар кешке дейін демалып алуды ойлап, дәлізде тұрған ескі диванға жата кетті.
Енді, шамалыдан соң далада жаздың жеңіл самалы есіп, жанға жайлы тыныштық орнап, шегіртке шырылдап, кеш те болып қалар. Ләзкон бір көзі түсіп қалған, сонда да болса өзінің жалғыз досы ескі аюын қолына алып, кеудесіне басқан күйінде қалғып кетті. Ұйқылы-ояу күйде үйге біреулердің кіргенін сезіп жатты, ер адамның дауысы.
Яғни, бірдеңе алу үшін достарымен келген ағасы екеніне сенімді болғандықтан, оларға көңіл бөлмеді. Алаңсыз жатқан балақайдың біреу аяғын ұстады, бұл тосын әрекеттен селк ете қалды. Әлі толық оянбаған ол шынтағына тіреліп орнынан тұрмақ болып еді, біреу кеудесінен кері итеріп жіберіп, мұның
ішкиімін тартқылап шешіп жатыр.
Не болып жатқанын түсінбеген кішкентай қыз қарсыласып, орнынан тұруға шамасы келмеді. Мұны жұлқылап жатқан адамның көзімен көзі түйісіп қалды, ол
Қанат екен. Бүлдіршін айғайламақ болып аузын аша бергені сол еді, жігіт жастықпен мұның бетін баса қойды. Қанаттың біреумен сөйлесіп жатқанын естіді, құмыққан дауыстан әңгіме ауанын аңғару мүмкін емес, қыз тұншыға бастады.
Бүлдіршін арық та нәзік кішкентай қолымен соққылап, аяғымен тепкілеп, тойтарыс бермек болып еді, бірақ, сол сәтте-ақ әлсіреп,ауа жетпей, екі аяғының ортасын тіліп жатқандай өткір аурудан қозғалуға да шамасы келмей қалды. Бұл қаншалықты қарсыласса, соншалықты ауру жанына батты. Мұндай сұмдықтан ақыл-есі күңгірттеніп кетті, тек денесіне бойлай енген қатты ауру қалды.
Құйттай қызға мұның денесін қақ айырып жатқандай көрінді. Бір сәтте бәрі біткен сияқты болды. Бірақ, бұл қайтадан қайталану үшін, бұрынғыдан да ауыр, одан да қатты күшпен соққылау үшін екен.Ақырында жан төзгісіз ауыру мен адам түсінбес сұмдыққа құйтақандай жүрек шыдай ма, есінен танып кетті. Есін
жоғалтқанының пайдасы да тиді, әйтпесе мынандай сұмдыққа кішкентай қыз шыдай алмай өліп кетер еді...", - деп жазба жариялаған заңгер Ләззат Рақышева бала күнінде жанына салынған ауыр жарасы туралы ашық айтты.