Қазақ тарихында аты қаралы таңбамен басылған Геннадий Колбиннің өмірінің соңғы уақытына қатысты әлеуметтік желіде қызу талқы болуда деп жазады Democrat.kz.
Сәкен Файзуллаев есімді желі қолданушы: "Желтоқсанға қатысы бар хатшы Колбин мен оның аяулы жары Софьяның зираттары . Колбин өмірінің соңында үйден шықпай , Мосуралбанк АО сында акционер болды .
Денесі метродан табылған. Қызымен көрісуге барған ғой . Өзі билікте болған кезінде 2 квартира алып алған ғой, біреуіне өзі мен әйеліне , екіншісін қызы мен немересіне .
Міне, сол метрода жүрегі тоқтап қайтыс болған , 5 күн бойы оны кім екенін ешкім анықтай алмай бомждардың қасына жерлегілері келген , алайда біреу танып қалып, дұрыс молаға жерлепті" деген деректі жариялады.
Сәкен Файзуллаевтың жазбасына қатысты жұрт "ит өлім", "адамның обалы ұрған" дегенге саятын пікір жазуда.