Танымал актриса, әнші Айгүл Иманбаеваның әлеуметтік желідегі парақшасында тараған фото-фидеолары оқырмандарын шошытты деп жазады Democrat.kz.
Айгүл Иманбаева парақшасында медициналық зембілде жатқан видеосын жариялап: "Жыл сайын қайталанатын, бірақ мен ешқашан қалдырмайтын бір маңызды әдетім бар, ол денсаулығыма толық чекап (Check-up) жасату. Өз денсаулығымды мен әрқашан Ыстамбұлдағы халықаралық деңгейдегі @hisarhospital.kz сеніп тапсырамын.
Осы жолы давлением өте төмен түскен,гемоглобин тіпті төмендеген ,бүйрегім мені мазалаған соң қайта айналып келдім.
Себебі Hisar клиникасы-медициналық қызмет сапасы мен пациент қауіпсіздігінің ең жоғары кепілі. Мұнда ең соңғы үлгідегі заманауи диагностикалық аппараттар орнатылған, бұл ағзадағы кез келген кішкентай өзгерістің өзін ең дәл әрі нақты анықтауға мүмкіндік береді. Денсаулық - біздің ең үлкен инвестициямыз, сондықтан оны тек ең сенімді кәсіби мамандарға тексерту керек.
Өз денсаулығыңызға жылына 1 рет уақыт бөлуді ұмытпаңыз, ал сіз биыл толық чекаптан өттіңіз бе?", -деп жазба қалдырған.
Оқырмандары ә дегеннен түсінбей, "қатты қорқыттыңыз", "бәрі дұрыс па?", "жағдайы ауыр?", "не боп қалды" десіп, шулап, кейінірек, саулық тілеп, жазба жазды.