Кәсіпкер Тұрсын Алагөзовтің бұрынғы жұбайы Ляйсира Маратқызы «Вслух о личном» подкастында ажырасудан кейін бастан өткерген ауыр эмоционалдық жағдайы туралы ашық айтты деп жазады Democrat.kz.
Ляйсира Маратқызының сөзінше, ажырасудан кейін ол өміріндегі ең қиын кезеңдердің бірін өткерген.
«Шын мәнінде, мен ішкі жан дүниеммен өліп кеткендей болдым және соны қаладым да. Бұл туралы кітабымда да жазылған. Қазір оны еске алуды аса ұнатпаймын, өйткені есімді жиған соң, бұл жағдайдың ата-анам үшін қандай ауыр сынақ болғанын түсіндім. Ең алдымен ата-анамды ойлаймын, себебі ешбір ата-анаға баласының мен өткерген жағдайды бастан кешіргенін тілемеймін», – деді ол.
Оның айтуынша, адамдардың әрекеттерінің салдары тек өздеріне ғана емес, балаларына және бүкіл әулетке де әсер етеді.
«Сондықтан мен Тұрсынмен қарым-қатынасымыз туралы өте сақтықпен айтамын. Себебі біздің өмірімізде үлкен махаббаттан дүниеге келген балаларымыз бар. Олардың бойында сол махаббаттың қуаты бар. Олар – әдемі, тәрбиелі, ақылды, дені сау балалар. Мен олардың әкесін өзім таңдадым. Бұл – менің таңдауым, мен одан бас тартпаймын және сол таңдауға жауапкершілікпен қараймын. Сол кездегі махаббат кейінгі барлық оқиғаларды ақтады деп есептеймін», – деп қосты Ляйсира Маратқызы.
Десек те, Ляйсира Маратқызы ажырасқаннан кейін соқа басы сопиып қалмағанын да айтып, бір емес, бірнеше еркек өмірінде болғанын, әлдебір сезімдерді бастан кешіргенін де жасырмады.
Ал қазіргі арманы туралы сөз еткен Ляйсира Маратқызы: "Грецияда вилла салып жатырмыз. Өзімнің арманымдағы вилла. Ол виллада әр деталь ойластырылып салында. Мысалы, тыр жалаңаш бассейнде жүзуге болады, бірақ сырттаға кісі көрмейді", деп күледі.