Қыздарға қандай жігіттер ұнайтыны туралы тақырыпты көтерген діндар Жанәділ Райымбеков әйелдердің неден ләззат алатынын да айтып, жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
Діндардың айтуынша, әйелдерге төмендегідей қасиетке ие еркектер ұнайтын көрінеді.
"1. Кез келген әйел ақылды, ол үшін кез-келген жерде тұрып беретін, ол үшін шешім шығаратын еркектің қорғанында болуды қалайды,
2. Еркектің қамтамасыз еткенін қалайды. Ісі алға басып, Ақша тауып жатқан еркек әйелінің алдында мәртебесі өсе береді. Тек қана ақшасы үшін ғана емес.
3. Ер азаматтан оның үнемі оған сезімін білдіріп тұрғанын қалайды. Әйел осы сөзге ешқашан тоймайды.
4. Внимание жасап оның жан дүниесін түсінгенін қалайды.
5. Кез келген әйелге күйеуінің оны қызғанғаны ұнайды. Себепсіз емес әрине.
6. Әр әйел жүрегінің түкпірінде оны күйеуі басқарғанын қалайды. Әйелдің табиғаты солай. Содан ләззат алады.
7. Кез келген әйелге мінезді еркек ұнайды. Дерзкий дейді ғой. Ынжық еркектер керісінше қашырады. Себебі еркек әйелдің қылығына құласа, әйел еркектің мінезіне құлайды" деп жазған Жанәділ Райымбеков бұл тақырыпқа тағы оралатынын жеткізді.