ТикТок әлеуметтік желісінде тараған видео жұрттың жүрегін ауыртып, бір күрсіндірді деп жазады Democrat.kz.
"Сегіз балам бар. Оның біреуі қыз, қалғандары ұл. Бір ұлым қайтыс болды.
Бір үлым бес баласы бар, үш рет үйленіп, ажырасты. Әйелі жоқ, жалғыз тұрады.
Тағы бір ұлым отбасылы, әйелі бар. Әйелінің інісі сал ауруына ұшырап, соны бағып отыр..."деген ақсақал кезінде мұғалім болған кісі екен.
Видеоға қатысты жұрт "ұлдан пайда жоқ, әкесіне қараса, қыз ғана қарайды", "еркек үйленген соң, әйелі дұрыс болмаса, түк істей алмайсың" дегенге саятын пікір жазуда.