Сарыөзек–Көктал тасжолында екі Chevrolet Cobalt бетпе-бет соқтығысып, алты адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп жазады Democrat.kz.
Ауыр жол апаты Жетісу облысындағы Сарыөзек–Көктал автожолының 110-шақырымында болған.
Полицияның алдын ала мәліметі бойынша, көліктердің бірінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен.
Сол жерде қарсы бағытта келе жатқан екінші Chevrolet Cobalt-пен соқтығысқан.
Соққы салдарынан алты адам алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды. Тағы бір адам медициналық мекемеге жеткізілді.
Полиция жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғады.
Тергеу барысында жүргізушілердің жылдамдығы, жол жағдайы және қарсы жолаққа шығудың нақты себебі анықталмақ.