Әлеуметтік желіде Тұрсынбек Қабатов пен екінші жұбайының той көйлегімен түскен фотосы тарады деп жазады Democrat.kz.
Алайда желі қолданушылары Айманға тіпті ақ көйлектің өзі жараспайтынын айтып, түрлі пікір қалдырды. Мұнан бөлек көпшілік Тұрсынбек пен тоқалының пәлен жылдан кейін ресми тойын жасамақ па деген сұраққа жауап іздеуде. Әзірге әзілкеш те, тоқалы да бұл суретке қатысты ресми жауап бермеді.
"Жақында тойлары бола ма?", "Ақ көйлектің өзі жараспай тұр", "Ақ көйлек пәктіктің, адал некенің белгісі", "Жиіркеніштісіңдер", "Ақ көйлек кисең де ісіңмен өзіңе күйе жақтың","бес баласын тастап..." - деп жазды оқырмандар.