Жолдың ортасында үлкен дәретке отырған еркек жаза арқалады

Жолдың ортасында үлкен дәретке отырған еркек жаза арқалады

Қызылорда қаласының Әйтеке би көшесі бойында жолдың қақ ортасында бұтын шешкен еркектің әрекеті жұртты шулатты деп жазады Democrat.kz.

Орта жастағы еркек талдардың арасында немесе әлдебір қуыстың ішінде емес, дәл көшенің қақ ортасында бұтын шешіп тастап, үлкен дәретке отырған. 

Әлеуметтік желіде бұл адамның мына тірлігінің видеосы қызу талқыға түсті. Бірі "жол жиегіне туалеттер керек" десе, енді бірі "бұл әдепсіздік, жауапқа тарту керек" десуде. 

Оқиғаға байланысты Қызылорда полиция департаменті: "Әлеуметтік желіге жарияланған бейнежазба бойынша Қызылорда қаласының орталығында қоғамдық тәртіпті бұзған азамат анықталды.

Жүргізілген тексеру нәтижесінде аталған азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік шара қолданылды. Яғни қоғамдық орында алкогольдік масаң күйде жүргені үшін жауапкершілікке тартылды.

Құрметті қала тұрғындары!
Қоғамдық тәртіп пен заң талаптарын сақтауға шақырамыз. Құқық бұзушылықтың алдын алу – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Қоғамдық орындарда тәртіп сақтап, өзара сыйластық мәдениетін қалыптастыруға үлес қосайық"деп жазды. 

Барлық жаңалықтар