Блогер Динара Сәтжанның зәулім сарайы ғана емес, оның ішіндегі бөлмелер де жұрттың талқысына түсуде деп жазады Democrat.kz.
Танымал дизайнер Аида Қауменова құрбысы Динараның үйіне қонаққа келіп рум тур жасады. Динараның қызы Аидаға өзінің керемет бөлмесін көрсетті.
Динараның қызының бөлмесінің өзі өте кең, өз жеке гардеробы, жуынатын бөлмесі бар. Қымбат жиһаздармен жабдықталған.
Мұнан бөлек, басқа бөлмелерді аралап шыққан дизайнер бұл үйдің өте қымбат үлгіде жасалғанын видео арқылы көрсетті.
Динара Сәтжанның балаларының жеке бөлмесі бар бұл зәулім сарайда Жұмабек Жанықұловтың балаларына да бөлме бар ма деген сұрақты бірнеше кісі қойды.
Өкінішке қарай, бұл сұраққа жауап болмады. Тіпті бір оқырман Жұмабектің балаларына бөлме жоғына кәдімгідей қынжылысын білдіріп, "жаңа үйде ескі адамдарға орын жоғын" айтты.
