Жүрегі тоқтап қалған жүргізуші бес көлікпен соғысып, апат жасады

Жүрегі тоқтап қалған жүргізуші бес көлікпен соғысып, апат жасады

Алматыда жеңіл автокөлік тізгіндеген жүргізуші рөлде келе жатып жүрегі тоқтап, соның салдарынан бес көлік соқтығысты, деп хабарлайды Democrat.kz.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, апат сағат 11:30 шамасында Әл-Фараби даңғылында болған.

1975 жылы туған жүргізушісі батыс бағытта келе жатып, кенет жағдайы нашарлап, өзімен бір бағытта келе жатқан бес көлікке — Chevrolet, Ford, Subaru, Volkswagen және Yutong автобусына соғылған.

Алдын ала деректерге сәйкес, ер адам қозғалыс барысында өзін жайсыз сезінген. Болжамды диагноз — жүрек жеткіліксіздігі. Жүргізушінің қаза тапқаны оқиға орнында белгілі болды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жол апатының барлық мән-жайын анықтауда.

Барлық жаңалықтар