Журналист мәлімдеме жасады: Атыраудағы жоғалған отбасы жайлы тың деректер пайда болды

Журналист мәлімдеме жасады: Атыраудағы жоғалған отбасы жайлы тың деректер пайда болды

Атырау облысында із-түссіз жоғалып кеткен отбасыға қатысты іздестіру шаралары әлі де жалғасып жатыр. Қоғамды алаңдатқан бұл оқиғаға байланысты әзірге нақты дерек жоқ  деп жазады Democrat.kz.


Журналист Жанат Молдашова әлеуметтік желідегі парақшасында жағдайға қатысты пікір білдіріп, оқырмандардың «Атырауда жоғалған отбасыдан хабар бар ма? Күйеу бала қайда?» деген сұрақтарына жауап берген.


«Елдің күні-түні сұрайтыны осы… Бірақ әзірге тып-тыныш. Кеше туыстарымен сөйлестім. Олар да ештеңе білмейді. “Құзырлы органдардан ақпарат күтіп отырмыз, бәрі үнсіз” дейді. Әріптесім Руслан Өтепбай да барып қайтты, өздеріңіз білесіздер. Қазір тек сол кісінің зерттеу материалдарынан қандай да бір тың дерек шықса деп күтіп отырмыз. Әзірге бізде басқа ақпарат жоқ», – деді журналист.


"Келесі аптада бәрін айтамын": Руслан Өтепбай Атыраудағы трагедияны зерттеген болатын.

Барлық жаңалықтар