Жүздеген мұғалімнің ақшасы желініп келгені анықталды

Жүздеген мұғалімнің ақшасы желініп келгені анықталды

Жетісу облысында жүздеген мұғалімнің ақшасы желініп келгені, қарыз мөлшері 72 млн теңгеге жеткені анықталды, деп хабарлайды Democrat.kz. сайты  Azattyq Rýhy.-на сілтеме жасап. 

Прокурорлар араласқаннан кейін ғана 492 педагогке 72 млн теңге берешек төленді.

Панфилов ауданының прокуратурасы жүргізген талдау барысында аудандық білім бөлімі тарапынан мұғалімдердің іссапар шығындары бойынша 72 млн теңге сомасында берешекке жол берілгені анықталды.

Өтемақылардың уақытылы төленуі азаматтардың еңбек құқықтарын қамтамасыз етудің міндетті шарты екенін ескере отырып, аудан прокуратурасымен уәкілетті органның атына прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.

«Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде аталған берешек толықтай өтелді. 492 педагог тиісті төлемдерін толық көлемде алды.

Білім беру саласы қызметкерлерінің құқықтарын қорғау прокуратура органдары қызметінің басым бағыты болып қала береді. Жетісу облысының прокуратурасы жұмысшылар алдындағы барлық әлеуметтік кепілдіктердің уақтылы орындалуы бөлігінде еңбек заңнамасы нормаларын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді», – делінген прокуратура хабарламасында.

Барлық жаңалықтар