"Келіні жүдеп кеткен": Сәкеннің құдағиы реніш білдірді

"Келіні жүдеп кеткен": Сәкеннің құдағиы реніш білдірді

Желіде әнші Сәкен Майғазиевтің Маңғыстаудан келген құдағиы астарлап ренішін білдірді деп жазады Democrat.kz.

Видеода жас келін Әдияның  ата-анасы алдынан шыққан сәті көрсетілген. Кадрларда келіннің анасы қызының жүдеу көрінісіне алаңдап:

"Ұстайтын жері қалмапты ғой..." — деп айтады.

Ал Сәкен Майғазиев бұл сөзге әзілмен:

"Салмақ қостыра алмай жүрміз..." — деп жауап береді.

Видео авторы да оқиғаның астарына әзіл қыстырып:

"Маңғыстаулық құдағи қарамайды. Сәкеннің баласысың ба, Мейрамбектің баласысың ба – айта салады," — деп жазған.

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл сәтке түрлі пікір қалдырды:

"Біздің Жаңаөзеннің қызын сонша аздырып...",
"Жас қой, семіреді уақыт өте келе",
"Атасының жауабы қандай орынды болған..." – деп жазды олар.

Барлық жаңалықтар