Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділет пен келіні Әдия Алматыдан Астанаға көшіп, енді ата-анасынан бөлек тұратын болған, деп жазады Democrat.kz.
Бұл туралы Әдия әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа қонысына қатысты жазба жариялап, үйін орналастырып жатқанын аңғартқан.
«Жаңа үйді орналастыру, жаңа ыдыстарды қолдану — ең күшті сезімдердің бірі», — деп жазды ол.
Жас отбасының бөлек шығуы желі қолданушыларының назарын аударған.
Бірі «әр отбасы жеке тұрғаны дұрыс» десе, енді бірі Сәкен Майғазиевтің жалғыз ұлының ата-анасынан бөлек кеткеніне таңданысын білдірген. "Кетіп тыныпты"," жалғыз баласы еді", "ақыры бөлек шықты"," енесі редфлаг еді"дегенге саятын пікір жазуда жұрт.
Айта кетейік, Әдия тұрмысқа шықпай тұрып берген сұхбатында ата-енемен бірге тұру мәселесіне қарсы еместігін, бұл тақырыпқа бейтарап қарайтынын айтқан еді. «Өзім үлкен отбасыдан шықтым, көп адам болып шай ішкен ұнайды» деген болатын.
Ал Сәкен Майғазиев 2024 жылы жаңа үйін көрсеткен кезде ұлы Әділетке арнайы бөлме дайындағанын айтып, «болашақта келін осы тауға қарап оянсын» деген тілегін де жасырмаған.
Әділет — әншінің жалғыз ұлы. Сәкен мен Динара Майғазиевтердің бұдан бөлек екі қызы бар.