Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков әлеуметтік желідегі парақшасында немересімен бірге видео жариялады деп жазады Democrat.kz.
"Апасы көтеріп, атасы артынан еріп жүріп әндетіп, өсіріп жатырмыз Әміре немеремізді. Ән тыңдағанды қатырады…"деген жазбамен видео бөліскен Нұртас Айдарбековке оқырманның бірі ашуына тиетін пікір жазды.
"Гүлзира ханым шампуньға ақшамызды алып, шампуньді бермеді" деп жазды бір оқырманы.
"Жанымау, мен білмедім. Мен басымды кір сабынмен жуамын. Шампуныңды Гүлзирадан сұрарсың" деп жауап берді Нұртас Айдарбеков.
Мұнан бөлек, тағы бір оқырманы "Қайраттың кіші қызы Рәбия Сұлтанға неге бармайсыңдар? Неге оны да осылай қолдарыңа алмайсыңдар" деп ренішін білдірген екен.
"Уайымдама" деп жауап жазды Нұртас Айдарбеков.