"Көңілдерін көтеріп": Қайрат Нұртастың анасы мәлімдеме жасады

"Көңілдерін көтеріп": Қайрат Нұртастың анасы мәлімдеме жасады

Астанадағы отельдердің бірінде жас қызбен жанжалдасты деп елді шулатып жатқан әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.

Гүлзира Айдарбекова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ештеңе болмағандай: "Ақ Қайроштарыңыз жылда жетімдер үйіндегі балапандардың армандарын орындап қуантумен қатар қариялар үйіне де барып, көңілдерін көтеріп қайтуды тоқтатқан емес. Бұл жолы Атырау қаласында… Бәрінің де көз жастары алдағы уақытта тек қуаныштан болсын!" - деп жазба жариялады. 

Біраз кісілер "Астанадағы отельдегі оқиға рас па?", "Қайраттың жаман аты туралы ақпарат өтірік деңізші" деген сұрақтар қоюда. Алайда Гүлзира ханым бұл сұрақтың ешбіріне жауап бермеді. 

 

Барлық жаңалықтар