"Көргенсіз" деген жұрт Айнұр Тұрсынбаеваға ауыр сөз айтты

"Көргенсіз" деген жұрт Айнұр Тұрсынбаеваға ауыр сөз айтты

Әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбековтің мерейтойына арнайы Түркиядан келген Айнұр Тұрсынбаеваның тойдағы сөзі жұрттың ашуына тиді деп жазады Democrat.kz.

Тойда тілек айтуға сөз алған Айнұр Тұрсынбаева: 

"Қайрат сүйікі елдің еркесі. Найман апамның арқасы. Біздің Найманның қыздары осындай ғой, қарапайым әншіні жұлдыз қылады. Шампунь сатса, бір күнде сатады. Шампуньді бір сағатта сатты, Нұрекеңді бір секундта құлатты" деп тост көтерді. 

Айнұр Тұрсынбаеваның "Найман" деп руға екпін бере сөйлеуі жұртқа ұнамай қалды. 

Жұрт "Не керек сол, Найман, Албан, Адай деп бөліну", "Найман деп бөлінгені Айнұрдың көргенсіздігінің белгісі" деген ренішке толы пікір жазуда. 

Барлық жаңалықтар