"Күнәсін жуу үшін": Тұрсынбек Қабатовтың құпия тірліктері мәлім болды

"Күнәсін жуу үшін": Тұрсынбек Қабатовтың құпия тірліктері мәлім болды

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов өзі туып-өскен ауылында 20-30 адам сиятын мешіт салдырып жатқаны мәлім болды деп жазады Democrat.kz.

ТикТок әлеуметтік желісінде Нұрбек Досқазиев деген азамат Ақпәтер деген ауылда керемет мешіт салынып жатқанын айтып: "Мынадай керемет мешітті осы ауылдан шыққан әзілкеш Тұрсынбек Қабатов салдырып жатыр. 

Тұрсынбек Қабатовты біреулер жақсы дейді, біреулер жаман дейді. Қалай десе де, Тұрсынбек өз ауылына осындай игі жұмыс жасап жатыр. Осы мешітке бес адам барса, сол бес адам өзімен тағы бес адам әкеледі. Аллаһым, осы мешіт арқылы ауылымызға тек иманды адамдарды әкелсе екен", - деді. 

Тараған осы видеоға қатысты "Тұрсынбек, жарайсың!", "нағыз еркек!", "кім екі әйел алмай жатыр", "мешіт салса, үлкен сауап" деп қуанып жатқандар аз емес. 

Десек те, "күнәсін осылай жумақ па", "бес баланың көз жасын мешітпен жуа алмас" , "мешіт емес, ауылына мектеп салғызбады ма" деп сынап жатқан да кісілер бар. 

Барлық жаңалықтар