"Күрдтерден көмек": Трамп Иранға тұтқиылдан тап беруі мүмкін

"Күрдтерден көмек": Трамп Иранға тұтқиылдан тап беруі мүмкін

АҚШ Иран билігіне қысымды күшейту мақсатында күрд әскери топтарын қолдауды қарастыруда деп хабарлайды Democrat.kz. сайты CNN агенттігіне сілтеме жасап. 

CIA Иран оппозициясы мен Ирактағы күрд жетекшілерімен әскери көмек мүмкіндігін талқылап жатыр. Бұл топтар Ирак–Иран шекарасында әрекет етіп, мыңдаған жауынгерден тұрады.

Шетелдік БАҚ Трамп Мустафа Хиджримен және Ирактағы күрд саясаткерлерімен әңгімелескенін хабарлады.

Күрд күштері Иранның қауіпсіздік құрылымдарын алаңдатуы немесе елдің батысында операция бастау арқылы билікке қысымды күшейте алады деп болжануда.

Барлық жаңалықтар