Әлеуметтік желіде тараған видеода әнші, продюсер Мөлдір Мұқанованың "есігімді қақты" деп Хантөре есімді жігіт туралы айтқан видеосы тарады деп жазады Democrat.kz.
Кезекті бір үлкен тойда, достары мен таныстарының ортасында болса керек, видеода Мөлдір Мұқанова қалжыңға толы бір оқиғаны айтып береді.
"Хантөреміз қандай, шіркін! Сөйлегенде, мақалдатып, жүзіңе тура қарап...үлкен адам сияқты.
Бір күні біздің үйге келіпті. "Мөлдірдің жағдайы қалай?"деп тағалдырыпты. Мен жас көрінсем керек. "Апай", "тәте" демей, Мөлдір дегеніне қарағанда.
Жағдайымды сұрап, есігімді қаққан еркек қой. Күткен еркек емес, күтпеген еркектер жағдайымызды сұрап, есігімізді қағып жатыр" деген Мөлдірдің сөздері айналасын ду күлдірді.