Журналист Ләйлә Сұлтанқызы парақшасында отбасылық мәселелерге қатысты сұрақтарға жауап берген анасының видеосын жариялады деп жазады Democrat.kz.
Бұрынғы апаларымыз күйеуінің атын атамаған ба? Үлкен ұлдың қолында тұрған дұрыс па, кіші ұлдың ба? Келін сәлем салуға міндетті ме? Ұлдың баласын ғана немере дейміз бе? Енеңізге қарсы шыққан кезіңіз болды ма?
Осындай сұрақтарға жауап берген Ләйлә Сұлтанқызының анасы: "Енеме бір рет қарсы шыққанмын. Бірақ таяқты өзім жегем" деді.
Сонымен қатар журналистің анасы "ұлдың да, қыздың да балалары немере болатынын" айтты.