Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялап, оқырмандарының көңілін босатты деп жазады Democrat.kz.
«Аяушылық сезімін ояту үшін емес. Бұл видеоны жүктеуімнің өз себебі бар. Әкесінің басында Құран оқып отырған Сардар. Бұл мен үшін де, ол үшін де оңай емес сәт. Бірақ үйде ес кіре бастаған бала болса, кей нәрсені жасырмай, саналы түрде айтып отырған дұрыс деп ойлаймын.
Біз балаларды барлық қиындықтан қорғай алмаймыз. Бірақ қиындық келгенде сынбайтындай етіп тәрбиелей аламыз. Меніңше, нағыз мықтылық – өмірдің ащы-тұщысын көрсе де, жүрегіндегі мейірімін жоғалтпау», – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.
Журналистің оқырмандары Сардардың құран оқығанына сүйсініп, марқұм әкесіне иманды болсын деп дұға жасауда.