Танымал әзілкеш Мереке Қалбаева өзіне жала жабылып, жаны ауырып отырғанын айтты деп жазады Democrat.kz.
Мереке Қалбаева бұған дейін жарық көрген екі әніне қатысты айтып, "ол екі әннің де қайырмасын өзім шығарғанмын. Кейін әнін, сөзін, оранжировкасын Жандос Әлмағамбетке жаздыртып, орындадым. Сол тұста Жандосқа еңбегі үшін ақша да бердім. Алайда қазір сол Жандос мен оның еңбегін ұрлағандай етіп жазба жариялай бастады" дейді.
"Мен ешкімнің ақысын жемегем. Маған жала жабылып жатыр"деген Мереке оқырмандарына "Жандостың парақшасына барып, сол жерге "сен кереметсің" деп пікір жазыңыздаршы,"внимание" жетіспей жүрген сияқты оған" деп өтініш жасады.