"Маған "наплевать"!" деп шайнаңдаған хиджабты қыз жұртқа "жегізіп жатыр"

"Маған "наплевать"!" деп шайнаңдаған хиджабты қыз жұртқа "жегізіп жатыр"

Кәусар есімді тиктокер қыз өзінің парақшасында діндарлар мен хейтерлерге ақыл айтып, "жегізіп жіберді" деп жазады Democrat.kz.

Қоғамда хиджабты қыздар өзгелерге үлгі болуға тиіс дейтін түсінік бары рас. Неге? Себебі діндарлардың өзі хиджабтағылар жұмаққа баратынын, олардың "басқалардан" ерекше екенін тоқтаусыз уағыз айтады.

Қасындағы хиджабты қыз ғажайып жұмаққа барады, ал хиджаб кимеген үшін өзін кем, тозақы санайтын басы ашық қыздар оранған қыздарға тамсана қарайтыны рас. 

Десек те, сол оранған қыздар әлеуметтік желіде жаға ұстатар масқара видеоларын жариялап, өз сөздеріне қарсы әрекет етсе, "хиджаб киіп алып, ұялмайсың ба" деп былайғы жұрт реніш білдіретіні орынды емес пе? 

Әйтсе де, тиктокер Кәусар үшін өзін жасалған ескертулер орынсыз сияқты. Сағызын шалпылдатып, шайнаңдап отырып видео жариялаған хиджабты Кәусар: "Мен тақуа емеспін. Не істесем де, өзім білем. Тырнақты әдейі жабыстырып, видео саламын. Менде кайфовать ете алам, айына бес рет. Сендер хейт жазсын деп. Сендер хейт жазсаңдар, "охватым" көтеріледі. Ал діндарлар, сендерге "мне наплевать!". Қатты тақуа болсаңдар, тикток қарамаңдар"деп, жұртқа ақыл айтты. 

"Жегізіп тастады ғой", "дұрыс айтып отыр", "шариғатта әйелдің мойны жабық болуы керек", "хиджаб жай ғана киілген бе" дегенге саятын пікір жазған жұрт Кәусардың әрекетін қызу талқылауда. 

Діндарлар хиджаб Алланың діндар әйелге бұйырған қасиетті киімі дейді. Ал біздің кей қыздар аузында Алласы, үстінде хиджабы, аузында сағызы, шайнаңдап ақыл айтады. Осыдан кейін бұл діннің қадірі, сыйы жоғалмағанда, қайтсін!? (Мақаланың өңін өзгертіп, ұрлап, сілтемесіз көшіріп басқан сайтты сотқа беретінімізді ескертеміз!)

Барлық жаңалықтар