Қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның анасы әлеуметтік желі арқылы мәлімдеме жасады деп хабарлайды Democrat. kz.
Марқұмның күйеуі Зейнел Әділеттің әйелінің өлімінен 8 ай өткен соң екінші рет шаңырақ көтергені белгілі болған. Осыған байланысты Ұлдананың анасы Салима Ершанқұлқызы:
«Көпшіліктің сұрауы бойынша алдарыңызға шығып отырмын. Әділеттің бүгінгі іс-әрекеті бойынша, алдарыңыздан өтті ме деп жатыр. Жоқ, ата-анасы да, үлкендері де алдымыздан өткен жоқ. Тағы айта кететін жағдай, қызымның тергеуі болып жатыр. Әділет жәбірленуші ретінде танылған. Енді бұл жәбірленуші ретінде бас тартқанын қалаймын. Заң талабына сәйкес қызымның 17 жасынан жинақталған зейнет қорындағы ақшасы Әділетке берілді. Маңдай терімен алған көлігі 18 қарашадан 22 шілдеге дейін Әділетте болып, жақында ғана ата-анасына қалдырылып біздің атымызға аударылды. Анасы ретінде қызымның заңды мүдделерін қорғауға өз ниетімді білдіремін», – деп мәлімдеді.