Марқұм Мұхтар Шахановтың немересінің сөздері жұртты елжіретті

Марқұм Мұхтар Шахановтың немересінің сөздері жұртты елжіретті

Қазақстан халық жазушысы, талантты ақын, марқұм Мұхтар Шахановтың немересі Елсұңқар әлеуметтік желіде ерекше жазба жариялап, жұрттың жүрегін елжіретті деп жазады Democrat.kz.

ТикТок желісіндегі парақшасында атасы Мұхтар Шахановты мақтан тұтатынын жеткізген Елсұңқар: "Мен Елсұңқармын. Менің есімімді Атам қойған.

Ол есім менің қанымда, менің жанымда, менің армандарымда. Елсұңқар деген есіммен мен өзімді ерекше сезінемін, себебі Атамның үмітін мен ақтауым керек" деп, атасы Мұхтар Шахановпен бірге түскен суреттерін жариялады

Марқұм Мұхтар Шахановтың немересінің бұл жазбасына көңіл айтушылар мен алғысын жаудырып, батасын беріп жатқандар көп. 

 

Барлық жаңалықтар