Марқұм Заманбек Нұрқаділовтің шөбересі дүниеге келді

Марқұм Заманбек Нұрқаділовтің шөбересі дүниеге келді

Қазақстандық танымал дизайнер, марқұм саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің қызы  Құралай Нұрқаділова алғаш рет әже атанды деп жазады Democrat.kz.

Бұл қуанышты жаңалықты Құралай Нұрқаділова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, немересінің дүниеге келгенін хабарлады.

Дизайнер жариялаған жазбасында сәбидің видеосын бөлісіп, отбасы үшін бұл ерекше әрі қуанышты сәт екенін айтты.

Айта кетейік, Құралай Нұрқаділова – қоғам қайраткері, бұрынғы мемлекеттік қызметкер Заманбек Нұрқаділовтың қызы.

Барлық жаңалықтар