"Меккеде марқұм анам қасыма келді" деген Ақбота Нұр басынан өткен тылсымды айтты

"Меккеде марқұм анам қасыма келді" деген Ақбота Нұр басынан өткен тылсымды айтты

Әнші, актриса Ақбота Нұр басынан өткен тылсым оқиғаны айтып беріп, Меккеде болған қызық жағдайды баяндады деп жазады Democrat.kz.

"Меккеге кіші қажылыққа барғанымда қызық бір жағдай болды. Меккеге, қасиетті мекенге келгенімде керемет әсерге бөленіп, дұғаларымды жасап, "бұл қажылық өзім үшін және марқұм анам үшін" деп ниет еттім. 

Соншалықты дұға етіп, бетімді сипап, жанымнан өткен әйелге еріксіз көзім түсті. Неге екенін білмеймін, қолдарым дірілдеп, тамағым құрғап, біртүрлі жағдайға тап болдым. Әлгі әйелді көргенімде, оның менің марқұм анама ұқсайтыны сондай, "менің анам" дедім. 

Жанымдағы әпкеме "анам ғой" дей бердім. Артынан ілесіп барып, әйелді тоқтатып, ағылшынша, орысша, қазақша "сіз менің анама ұқсайсыз" деуге барынша талпындым. 

Бетіме қараған келіншек түкке түсінбейді. Бір кезде әлгі апайды құшақтап "анама ұқсайсыз" деп, жылап жібердім. Сол күні Меккеде жасаған дұғамның арқасында осындай тылым оқиға болғаны әлі күнге мені ерекше сезімге бөлейді" дейді Ақбота Нұр. 

Дайындаған Ұлжан БАҚЫТҚЫЗЫ. 

Барлық жаңалықтар