Әлеуметтік желі оырмандарына "Ахи" деген атпен танымал діндар жігіттің Меккеде ақшасыз қалып, жайнамаз сатқан әрекеті жұрттың ренішін туғызды деп жазады Democrat.kz.
"Ерекше жайнамазын" саудалаған "ахи бала" Меккеде жүріп ақшасыз қиналып қалғанын алға тартады.
"Мынау жайнамаздарды басқалар 33 мың теңгеден сатуда. Дәл қазір ақшасыз қалып, қиналып тұрғаным үшін мен бұл жайнамазды 19900 теңгеден сатамын.
Бұл жайнамаздың ерекшелігі жайнамазда бұл жерде қағба бейнесі бар. Рауда жайнамазы оригинал"дейді "ахи".
Діндар жігіттің бұл асудасына қатысты оқырмандары "мұндай жайнамаздар базарда екі мың теңгеден", "Меккеде қайыр сұраған бірінші қазақ", "арабтардан ақша сұрамайсың ба", "қиналатының бар неге кеттің Меккеге" деген сыңайда пікір жазуда.
