ТикТок әлеуметтік желісінде тараған видеодағы кілең келіншектердің ауыр жұмысқа жегілгені қызу пікірталас тудырды деп жазады Democrat.kz.
Әлеуметтік желіде тараған видеоның қай аймақта түсірілгені айтылмаған. Десек те, видеоның Қазақстанның бір мектебінің ішінде түсірілгенін нақты айту қиын.
Видеода әйелдер мектептің спорт залының қабырғасындағы ескі бояуларын өз қолдарымен қырып, тырналап жатқанын көруге болады.
Мұнан бөлек, жұмыс істеп жатқандардың кәсіби құрылысшы немесе ремонтпен айналысатын арнайы маман емесін аңғару да қиын емес.
Видеоға қатысты жұрт мектептің ремонтын жасап жатқан бұл кісілер сол жердегі техничкалар екенін айтуда.
Әйелдерден құралған бұл топқа мектеп әкімшілігі қосымша қаражат бөлді ме? Жалақысынан бөлек, тағы үстеме ақы ала ма? Негізгі маңызды сұрақ осы.
Әлде, әдеттегідей, мектеп ремонтына бөлінген ақша әлдекімнің аранына түсіп, техничкалар тегін жұмыс істеп жатыр ма, қалай ойлайсыз?