"Мені өз діндес бауырларым жалаңаштап қорлады" деген блогер неге "шешінгенін" айтты

"Мені өз діндес бауырларым жалаңаштап қорлады" деген блогер неге "шешінгенін" айтты

"Ақтөбе" мешітінде уақытша неке ұсынды деген шумен жұртқа танымал болған блогер Эммануэлла Наурызбаева өз діндес бауырларынан көрген қорлықтарын айтты деп жазады Democrat.kz. 

"Бірнеше уақыттан бері бүкіл әлеуметтік желілерде менің хиджаб шешкенім туралы ақпараттар тоқтаусыз айтылуда. Осыған қатысты өз себептерімді айтқым келеді. 

Біріншіден, мен хиджабта жүргенімде де көресіні тәңіршілдер, христиандар мен буддистерден емес, өз діндестерім, мұсылмандардан көрдім. Менің хиджабсыз бір фотомды алып, білгендерін істеді. ЖИмен суреттерімді жалаңаштап, желіде таратқан да басқа емес, өзімнің мұсылман бауырларым. 

Денсаулығыма байланысты хиджабымды түбегейлі шешкен соң да, бетімді қиып алып, түрлі жалаңаш денелерге жабыстырып, мені мазақ етіп жатқандар да өзімнің діни бауырларым. 

Осыған байланысты айтарым, мен Исламды қорлаушы емеспін! Маған дінді мазақ ету үшін тәңіршілер ақша төлеген жоқ! Хиджабта жүргенімде қорлап мазақ еткен діни бауырларым хиджабты шешкен соң да қоймады. 

Мерекелік кешке қарапайым ғана көйлек киіп бармақ болдым. Алайда ЖИ көмегімен мұсылман бауырларым түрлі чаттарға мені тағы да жалаңаштап, түрлі фотолар атқылап бастады. Ақыры осылай мазақ етіп, қорлайды екен деп ашық, ерекше көйлек киіп, мерекелік кешке бардым"деген блогер өз діндестері үшін "бөрінің аузы жесе де қан, жемесе де қан" екенін мойындаған сияқты. 

Дайындаған Мәриям КЕНЕСАРЫ. 

Барлық жаңалықтар