Министр мектеп директорларына қатаң талап қойды

Министр мектеп директорларына қатаң талап қойды
Оқу ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Жамбыл облысына барған іссапарында ата-аналар мен мектеп басшыларына қатысты айтты деп жазады Democrat.kz.
 
"Қазақстанда күн сайын 76 ата-ана баласын тиісті деңгейде тәрбиелемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады, жыл басынан бері 21 мыңнан астам ата-ана жазаланған.
 
Жамбыл облысында өткен жиында министр ата-аналар мен мектеп директорларының жауапкершілігі туралы айтты.
 
«Өңірде қайғылы жағдайларға алып келген оқиғаларды зерделеу барысында кейбір мектептерде жауапты қызметкерлердің бала тарапынан болған белгілерге жете көңіл бөлмегені анықталды.
 
Сондықтан тәуекел тобындағы балаларды сүйемелдеу нәтижелері үшін мектеп директорлары дербес жауапкершілікте болуы керек», – деді Жұлдыз Сүлейменова.
Барлық жаңалықтар