ТикТок әлеуметтік желісінде әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы Айым өзінің желідегі парақшасында әкесі мен анасының видеосын салып, видео қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.
Айым Тұрсынбекқызы өзінің парақшасына салған видеода Тұрсынбек Қабатов өзінің артына жасырынған Мөлдір Мұқанованы құшақтап: "Мөлдірдің аяғы ауыр. Менің артыма жасырынып тұр", деп шегі қатып күледі.
Видео ескі болғанымен, оны көрген жұрт "құдай қаласа, екеуі қайта қосылады", "адаспайтын пенде жоқ", "кімнен?", "құтты болсын" деп пікір жазып жатыр.