Кеше Мәжілістің жалпы отырысында «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңға енгізілетін өзгерістер талқыланды. Жиында депутат Ерлан Сайыров мұғалімдер барлық қоғамдық, саяси іс-шараға қатысуы керек деген пікір білдірді. Депутаттың осы пікіріне қатысты мұғалімдер қауымы наразылықтарын білдіруде. Білім саласының майталман маманы Ақмарал Шатемірқызы депутаттардың бұл ұсыныстары "мұғалімді уыста ұстауға" бағытталғанын айтады деп жазады Democrat.kz.
Елімізде Президент Тоқаевтың өзі қолдап, қолын қойған "Педагог мәртебесі" заңы барына, сол заңда мұғалімдерді түрлі жұмыстарға жекпеу уралы арнайы бектілігеніне қарамастан, кеше кей депутаттар "бүйректен сирақ" шығарғаны мәлім.
Депутат Ерлан Сайыровтың ұсынысымен келіспейтінін жеткізген білікті ұстаз Ақмарал Шатемірқызы: "Мынау депутаттарға:
Сайыров, М. Әбенов, Нартай мырзаларға не болған?!
Мұғалімдер уысынан шығып кете ме деп қорқып отыр ма? Референдум өткізу, сайлауға дауыс жинау — мұғалімдердің міндеті емес.
Ең болмаса, біреуіңіз
«Мұғалімдер, сайлау немесе референдум әділ өтсін» деп үндеу тастадыңыздар ма?!
Сайлау, референдум билік талабына сәйкес өтсін деген мұғалімдер қауымы дүйім ел алдында сүйкімсіз болғаны қашан?!
Асхат Аймағамбетов мырза дұрыс айтады. Мұғалімдерге де еркіндік керек. Мұғалімдерді аудандық немесе жергілікті әкімдерге тәуелді етудің қажеті жоқ. Аудандық деңгейде емес, тікелей облыстық немесе республикалық деңгеймен байланысты болуы мектеп директорларын да жергілікті атқарушы билікке жалтақтаудан құтқарады.
Мұғалімдер уысынан шығып кетіп, әкімдердің жұмысы жүрмей қалды ма?
Сонша дүрлігіпті ғой..."деп ренішін білдірді.