Мұнай 100 доллардан асты: Ирандағы жағдай Қазақстанға қалай әсер етеді?

Мұнай 100 доллардан асты: Ирандағы жағдай Қазақстанға қалай әсер етеді?

Ирандағы соғыстың салдарынан мұнай бағасы біртіндеп өсіп бастады. Таяу Шығыс елдеріндегі соғыстың Қазақстан экономикасына қандай әсері болатынын сарапшылар болжады деп жазады Democrat.kz. сайты aigakmedia.kz.-ке сілтеме жасап. 

Мұнай-газ нарығының сарапшысы Олжас Байділдиновтың пікірінше, Иран төңірегіндегі шиеленіс пен мұнай бағасының өсуі Қазақстан үшін тек пайда емес, үлкен тәуекелдер де әкелуі мүмкін.

Негізгі тезистерге тоқталайық:
1. Импорттық тауарлардың қымбаттауы 

Энергия ресурстарының қымбаттауы өндіріс пен логистика шығындарын арттырады. Бұл дегеніміз — шетелден келетін тауарлар мен азық-түлік бағасының өсуі. Әсіресе, Қазақстанның негізгі серіктесі Қытай үшін мұнайдың қымбаттауы олардың өнімін біз үшін де қымбаттата түспек.

2. Транзиттік әлеует: «Солтүстік–Оңтүстік» дәлізі 

Иран — Каспий өңірі үшін Парсы шығанағына шығатын ең тиімді бағыт. Қазіргі уақытта Қазақстан, Өзбекстан және Түркменстан арқылы өтетін шығыс бағыты белсенді дамып келеді. Ирандағы тұрақтылық біздің тауарларды диверсификациялау үшін өте маңызды.

3. Сауда-саттық деңгейі әлі де төмен 

Географиялық жақындыққа қарамастан, екі ел арасындағы тауар айналымы әлі де аз:
• 2025 жылғы көрсеткіш: 430 млн доллар (бұл Қазақстанның сыртқы саудасының 0,3%-ына да жетпейді).
• Не сатамыз: Бидай, ет және ауыл шаруашылығы өнімдері.
• Не сатып аламыз: Құрылыс материалдары, азық-түлік және мұнай-химия өнімдері.
4. Миграциялық тәуекелдер 

Егер Ирандағы жағдай күрт нашарласа, босқындар ағыны пайда болуы мүмкін.

Дегенмен, сарапшының ойынша, бұл ағын Орталық Азиядан гөрі Түркия мен Әзірбайжанға көбірек бағытталуы ықтимал.

Түйін: Орталық Азия елдері үшін Иранда бейбітшілік орнап, санкциялардың жеңілдегені экономикалық тұрғыдан әлдеқайда тиімді. Геосаяси текетірес оңтүстік бағыттағы сауда жолдарының дамуын тежеп отыр.

Барлық жаңалықтар