Мұрат Әбенов Оқу ағарту министрлігіндегі жағдайға қатысты өз шындығын айтып, үндеу жасады

Мұрат Әбенов Оқу ағарту министрлігіндегі жағдайға қатысты өз шындығын айтып, үндеу жасады
Мәжілістің бұрынғы депутаты Мұрат Әбенов қоғамды шулатқан Оқу ағарту министрінің ұстінен түсірілді деген шағымға қатысты өз пікірін білдіріп, үндеу жасады деп жазады Democrat.kz.
 
Мұрат Әбенов өз пікірінде министрге білім саласындағы қылмыстық топтар ұрлық схемасын тоқтату оңайға соқпай отырғанын тілге тиек етіп:  "Байқаймын Оқу ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қайтадан ақпараттық шабуыл басталыпты.
Неге “шабуыл” деп ойлаймын?
 
Жалпы Жұлдыз Досбергенқызында кадрлық шешімде қате болуы әбден мүмкін, мен де кейбір өзгерістермен келіспеймін. Өзім құрмет тұтатын бір екі адам бойынша пікіріміз қарама қайшы болды.
 
Бір өзі министр Президент алдында жауапкершілік өзінде, өзі шешсін деп қоя салдым. Біз білмейтін ішкі жағдай көп қой. Бірақ ол адамдар өзі келісті. Шағымданған жоқ.
Жалпы мінсіз жұмыс жасап жатыр деп айта алмаймын, өзім де сынаймын, мысалы жеке балабақша бойынша одан да қаталдау бақылау керек.
Дегенмен …
 
 НЕГЕ АҚПАРАТТЫҚ ШАБУЫЛҒА ҰҚСАЙДЫ?
 
Себебі бір мезгілді , әртүрлі басылымдар бірдей “теріс пікір туғызатын” ақпарат шығарыпты.
Ондай пікірдің болуы әбден мүмкін әрине, және әртүрлі форматта : арыз-шағым, БАҚ-та сынаған сухбат, жеке парақшада көңілі толмаған адамның жеке үндеу жасауы…
 
Ондай үйреншікті форматқа қоса казір ашық видео жолдауды жиі қолданатын болды. Олардың барлығы, әсіресе соңғы түрі назар аударуға негіз болып табылады. Әсіресе орта деңгейдегі қызметкер емес бірден министірдің үстіне шағымданса. Мен өзім ондай арыз шағымға мән беремін , ал ұжымдық тнрде көп адамның атынан шықса - оған жүйелі проблемалар бар екен ғой деп өте құрделі жағдай ретінде қабылдаймын. Ал екі үш күнде тарған “ұжымдық арыздың” БАҚ - пен желіге шыққаны мен Президент Әкімшілігіне ресми бармаған екенін біліп күмәндана бастадым. Бұл қалай сонда?
 
 “Президент Тоқаевтің атына барған ұжымдық шағым арыз” - деп жәриялаған құжат әле бармаған болса, ол қалай журналисттерге түсті. Оны кім өз атынан жолдады, қол қойған авторы бар ма? Кешеден бері осы сұраққа жауап таппадым.
 
Егер Президент Тоқаев атына ашық арыз жазуға батылдығы жеткен , “министірдің қысымына шыдамаған” адамдар шегіне жетіп қоғам алдына шығамын деп шешсе олар неге арыз жеткізбеді?
 
Мүмкін мол адамдар топтасып шығып видео үндей жасаған файл бар ма? Мүмкін паған ақпарпт жетпей қалған шығар.
 
Егер “ұжымдық” арыз авторлары барлығы мойындамаса онда жалған болып шыға ма? Кім жауап береді?
 
Бұндай жағдайын талайын көргенмін. Өкінішке орай көптін атын жамылып өз проблемасын шешкісі келетін адамдар да , талапшыл , принципшыл , министірді кетуре мүдделі қаржылық қылмыстық топтар да пайдалануы мүмкін. Осы жерде менің бір ойым : соңғы кезде Министр Жұлдыз Сулейменова жеке мектеп балабақша арқылы бюджеттен мидлиардтап ұрлайтын қылмыстық топтарға қарсы әрекет жасап ұрлықтарын тәркілеу шараларын жүргізуде. Өткен жылдың 24 желтоқсаүында Президент Тоқаев осы мәселе бойынша тапсырма берген - бұрынғы сала басшылары жемқорлық жүйесіне жол берген, бөлінген қаржыны Министірге тікелей бағынышты Қаржы Орталығы арқылы миллиардтап ұрлаған, соларды тергеу керек деп нақты айтты. Аттарын атамаса да түсінікті …
 
МҮМКІН СЕБЕП СОНДА ШЫҒАР?
 
Міне Парламенттің соңғы бірлескен отырыста сөйлеген сөзі (видео) . Байқасаңыздар министр барынша салмақты сабырлы сөйлегенмен ішінде көп талас тартыс негізінде болған шешімдер екені байқалады:
 
1) Талай жыл Министірлердің жанындағы Қаржы Орталығы ақша ұрлау құралы болды. Соны Сулейменова тоқтата алды. Енді толық Қаржы Министірлің қолында. Ұрлай алмайды.
2) Прокуратура АФН арқылы қылмыстық істер ашылды, бұрыңғы ұрлықтарды тергейді. Кімнің қалтасына кеткенін қарайды. Танымалы фамилиялар айтылауы мүмкін. Ақшалар өайтапылады.
3) Бұрын қаржыны ұрлағандарын білдірпеу үшін мемлекетоік емес 8 жеке портал арқылы ғсеп жүргізді. Оған бақылау орүвру мүмкін емесе еді. Енді Жұлдыз Досберген қызы барлығын бір цифрлық жобаға кәргіщіп толық бақылауға алады : бала санын, ұстаздар квалификациясын, оқу процессін, мектеп жабдығын, шараларын. Енді талапқа сай келмейтін мектептер жабылады.
4) Әкімдердің жауапкершәлігін көтерді - жеке мектеп бала оқытпай ақша алса - әкім жауапқа тартылады. Алыстан тексеру қиын , жақын жерде барлығы көрінеді.
Жалпы барлық қаржыны республикаға орталыққа жинаудан басталды ұрлық.
Соны көп жыл айттық. Тек Жұлдыз ханым тоқтатты.
 
 ОҢАЙ МА? 
Әрине оңай емес. Шаршайды министр. Қорқыуда мүмкін. Бірақ мақсаты зор - балалардың болашағына арнвлған ақшаны ұрлатпау. Қолынан келе ма? Ол бізге де байланысты …
PS Ақпарат таратардың алдында абай болайық. Егер “авторлар” юас тартатын болса жауапкершілік жәриялаған баспада ( адамда ). Біреулердің ақпараттық соғысының байқаусызда құрбаны болмайық", - деп түйіндеді. 
Барлық жаңалықтар