Президент Трамп Иранға қарсы әскери соққыны соңғы сәтке дейін құпия ұстаған. Алайда оның шешіміне Израиль премьері Биниямин Нетаняхудың ықпалы зор болды деп жазады Democrat.kz.
11 ақпан күні таңертең Трамп пен Нетаньяху Ақ үйдің Сопақ кабинетінде Иран мәселесін үш сағат бойы талқылаған. Президент уәзірлері сол тұста Тегеранмен дипломатиялық келіссөз жүргізуді бастағанымен, Израиль басшысы соғыс жоспарының өзгермеуін талап еткен.
Трамп көпшілік алдында қарама-қайшы мәлімдеме жасағанымен, шын мәнінде соғысқа дайындық қызу жүріп жатқан. Тіпті Ақ үй әкімшілігі мен Пентағон Конгресс мүшелерінен де операцияның шынайы мақсатын жасырып, аятолланы ауыстыру туралы жоспарды жария етпеген.
Ақпан айының соңында Трамп Иранның рухани көшбасшысы Әли Хаменейге бағытталған шабуыл операциясын бекітіп, оған «Epic Fury» деген атау береді.
Сол сәттен бастап АҚШ пен Израиль Таяу Шығыста соңғы 20 жылдағы ең ірі әскери операцияны іске қосып, Иранның маңызды әскери нысандары мен ядролық орталықтарын қиратты. Әуе шабуылынан Иран басшысы Әли Хаменей қаза тауып, елдегі ахуал бақылаудан шықты...
ЦРУ жүргізген құпия зерттеу Хаменей қаза тапса, елді прагматик әскерилер басқаруы мүмкін деген қорытындыға келген. Осы болжам да Трамп әкімшілігінің ауқымды шабуыл жасау шешімін күшейткен.
Осы аралықта Трамп әкімшілігі мен Тегеран арасында жасалған келіссөз нәтиже бермеді. Трамптың бас кеңесшісі Жаред Күшнер мен АҚШ-тың бас мәмілегері Стив Уиткофф Тегеранның ядролық бағдарламадан бас тартпайтынын түсінген соң, келіссөз үміті үзілген.
Шабуылдың нақты күні ЦРУ-дың барлау операциясы арқасында анықталған екен. Олар Әли Хаменеидің сенбі күні таңертең Тегерандағы резиденциясында болатынын біліп, Иран билігін «басты нысанаға» алған.
Шабуыл ел күтпеген уақытта сенбі күні таңертең, жұмыс аптасы басталған кезде, балалар мектепте, ересектер жұмыста болған сәтте іске асырылған. Хаменейдің жақын ортасына «соғыс бола қалған жағдайда да жасырынбай, өз орнымда шейіт боламын» дегені белгілі болды.
Нетаняху Трампты Иран соғысына қалай көндірді
Коллаж: Democrat.kz.
-
Қазақстан Орталық Азиядағы әуе тасымалы нарығында көш бастап тұр20:08, 16 қазан 2026
63
-
«Отбасы банк» ипотека алуды жеңілдетті: енді депозитте алты ай күтудің қажеті жоқ18:00, 16 қазан 2026
83
-
Санжар Боқаев ісі: Алматыда сот басталып, белсендінің бұрынғы қызметі талқыға түсті17:43, 16 қазан 2026
87
-
2027 жылдан бастап декреттік төлемдер өзгереді: кімдер ақшасын сақтап қалады?17:30, 16 қазан 2026
86
-
Тоқаев Қазақстанның табиғатты қорғау саласындағы жетістіктерін атап өтті17:23, 16 қазан 2026
89
-
-
Астанада автобус жолақысы 400 теңгеге дейін жетуі мүмкін: жаңа тарифтер жарияланды17:00, 16 қазан 2026
88
-
Қазақстандық тауарлар дүкен сөрелерінің кемінде 30 пайызын алуы тиіс16:30, 16 қазан 2026
91
-
Батыс Қазақстанда 251 млн теңге субсидия жымқырылды деген күдік: ақшаға үй сатып алынған16:30, 16 қазан 2026
83
-
Коммуналдық төлемдерді біріктіретін Smart Turmys жүйесі 2027 жылға шегерілді16:00, 16 қазан 2026
86
-
-
"Әйеліне әпермек болды": Тұңғышбай Жаманқұлов туралы масқара ақпарат шықты
15:00, 12 шілде 2026
7261
-
Назарбаевтың Дариға туралы айтқан құпия аудиосы желіде тарап кетті (ВИДЕО)
15:00, 11 шілде 2026
7100
-
"Педагогтар арасында ойнастық белең алуда" деген ұстаз дабыл қақты
11:00, 18 қыркүйек 2026
5977
-
Тауманның қайынжұрты: Назарбаевтың жаңа құдасы туралы тағы тың деректер шықты
13:00, 17 қыркүйек 2026
5727
-
"Білім саласын Сүлейменова сияқты басшыдан құтқарыңыз!" деген ардагер ұстаз вице-президентке үндеу жасады
14:00, 02 қыркүйек 2026
4511
-
"Жаназасын шығармасын!": Министр Сүлейменоваға қарсы сұмдық нәрселер жазылуда
10:00, 10 қыркүйек 2026
4229
-
Сәбит Әбдіхалықовтың өз қызының ұзату тойына неге келмегені мәлім болды
12:00, 29 шілде 2026
3848
-
"Жақында бәрі жоғалады": Ғарышкер Тоқтар Әубәкіров болашақ үшін қорқынышты болжам жасады
14:00, 11 шілде 2026
3828
-
Өмірзақ Шөкеевтің үнсіздігі: Экс-шенеунік туралы жұрт білмейтін деректер қандай?
13:00, 16 қыркүйек 2026
3201