Нұртас Айдарбеков: "Қайраттың балаларының "аппетиті" сұмдық"

Нұртас Айдарбеков: "Қайраттың балаларының "аппетиті" сұмдық"

Танымал әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков белгілі журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында ұлының шенеунік қызметке бара алмау себебін айтты деп жазады Democrat.kz.

Қайраттың болашақта шенеунік қызметімен айналысуы мүмкін бе, соны қалайсыз ба деген журналистің сұрағына Нұртас Айдарбеков: "Жоқ. Ол мүмкін емес. Қайрат кабинетте отырып, жұмыс істей алмайды.

Сосын, Қайрат кабинетте отырып табатын табысымен отбасын асырай алмайды. Өйткені оның балаларының "аппетиті", құдай салмасын...

Оның балалары молшылыққа әбден үйренген. Әкесінің кабинетте отырып табатын табысына өмір сүре алмайды. 

Қайраттың кабинетте отырып жұмыс істеуін мен де қаламаймын. Кейде Қайрат екі бауырын пәлен деген жерге жұмысқа тұрғызып берейін бе дейді. 

Жоқ, менің балаларым 120 мың теңгелік айлыққа отыра алмайды. Ол 120 мың теңгелік айлыққа жұмыс істейтіндер, өздері өмірге келгенде, басқаша боп келеді", деді.

Барлық жаңалықтар