Олжас Бектеновпен өткен БАҚ брифингінде "ашық айқас" болды

Олжас Бектеновпен өткен БАҚ брифингінде "ашық айқас" болды

Премьер-министр Олжас Бектенов өткізген баспасөз брифингінде журналистердің аузын ешкім жапқан жоқ. "Ашық айқас" болды. Демократия деген осы. 

Ешқандай "заказной сұрақ" болмады. Журналистер Үкіметтің жон арқасын тіліп тұрып сөйледі. Мысалы журналист Дәурен Сейітжанұлы (сұрақ қойған сәті парақшасында тұр) өте өткір сауал қойды. Сол сияқты өзге журналистер де сұрағына тұз сеуіп сөйледі.

Бектенов бастаған Үкімет мүшелері сұрақпен қаруланған 45 журналисттің алдына жалаң қол шықты. Бұл-бүгінгі брифингтің ашық әрі әділ өткенін жазбай танытқан жағдай.

Бектенов Үкіметіне сенім оянды. Цифрлармен емес нақты нәтижемен жұмыс істейді. Проблеманың бәрінен хабардар және оны шешу жолдарын жақсы біліп отыр.

Бектенов Үкіметке келгелі экономика рекордтық көрсеткішке жетті. Биылғы жылды 6 пайыздық өсіммен жапқалы отырмыз. Бұндай жағдай қазақ Үкіметі тарихында бұрын-соңды болмаған.

Еңбек нарығы едәуір реттелді. Қазақстанның қай түкпірі болмасын істеймін деген адамға жұмыс жетеді. Бірақ, қолдың күшін базардың бағасы жеңіп тұрғаны рас. Бұл мәселені Бектенов біржағына шығарады. Оған сеніңіздер.

Себебі қазақ экономикасы сатушы бағытын азайтып өндіруші бағытын көбейтіп жатыр. Қымбатшылықтың далақтаған дамбалын бұйыртса шешіп тастаймыз. Өзімізге шақ, өзімізге әдемі экономика әне-міне келе жатыр. Қазақтың аузынан ақ май ағатын күн алыс емес. Қолдайық және сабырлы болайық!

Ербол МӘНДІБЕК, журналист.

Барлық жаңалықтар