Шымкент қаласында қанды сұмдық оқиғаға қатысты сот іс қарауды бастады деп жазады Democrat.kz.
Прокурордың айтуынша, айыпталушы 11 сынып оқушысы Шымкентке шілде айында келген. Жалдамалы пәтерде жатып, жыныстық қатынасқа түскісі келіп, Телеграм желісіндегі "Шымкент жұмыс" арнасына үй тазалайын әйел керегін жазады.
Сол күні Диана Оңғарбаева оның үйін тазалауға келіп, он бес мың алмақ болады. Әйтсе де, оқушы ақысын бермей, керісінше, Диана теріс қарап тұрған сәтінде оны ас үй пышағымен аяусыз пышақтаған.
Мұнан бөлек, айыпталушы Диананы өлтіріп қана қоймай, мәйітпен жыныстық қатынасқа түскен, оның ұялы телефонын алып, сатқан, мәйітті қоқыс жәшігіне тастаған.