Өз беделін дәлелдегісі келеді" деген тиктокер директор маңызды жазба жариялады

Өз беделін дәлелдегісі келеді" деген тиктокер директор маңызды жазба жариялады

Тиктокер директор Ақмоншақ Нұртаза қоғамдағы буллинг мәселесіне қатысты өз пікірімен бөлісті деп жазады Democrat.kz.

"Қазір қоғамда «буллинг» деген сөзді жиі естиміз. Тіпті бұл ұғымды талқылаған сайын, оның көбеюіне де жол ашып жатқандаймыз. Бірақ мәселе тек сөзде емес, санада.

Біз не істеп жүрміз — буллинг болған соң күресеміз бе, әлде оның алдын алу жолын қарастырамыз ба?
Әрине, ең абзалы – алдын алу.

Ал буллингтің алдын алу – ең алдымен балаға сенім білдіруден, оның ішкі күйін түсінуден, жүрегін тыңдаудан басталады.

Өйткені адам өзіне сенімсіз болғанда, өзін басқалардан төмен сезінгенде ғана озбырлыққа барады.
Біреуді қорқытып, кемсітіп, өз беделін дәлелдегісі келеді.

Бірақ бұл – жоғары сананың жоқтығының белгісі дер едім.

Яғни, буллинг — тек бір баланың немесе бір мұғалімнің кінәсі емес, бүкіл орта мен қоғамның айнасы.
Біз баланың бойына ойлану, сезіну, ақ пен қараны ажырату, өз әрекетіне жауап беру қасиетін сіңірмейінше, бұл ұғымды жиі еститін боламыз.

Шешім неде?

Буллингтің шешімі — «жазада» емес, тәрбиеде.
Ол сенімнен, сыйластықтан және жүректен басталады.
Бала өз ісіне «менің жасағаным дұрыс па?» деген сұрақты өзіне қоя білсе, ер балалардың бойында жауапкершілікті қазірден сезіндіре алсақ, сол кезде біз жеңдік.

Ойландыратын сұрақ:

Бүгін өз ортаңда сен біреуге жылы сөз айттың ба, әлде үнсіз қалдың ба?..

КЕЗ КЕЛГЕН ӨЗЕКТІ, АУҚЫМДЫ МӘСЕЛЕНІ ӨТЕ ҚАРАПАЙЫМ БОЛЫП КӨРІНЕТІН АЛҒАШҚЫ ҚАДАМДАРДАН БАСТАҒАН АБЗАЛЫРАҚ…."деп жазды директор.

Барлық жаңалықтар