Танымал қоғам қайраткері Сәуле Әбілдаханқызы депутат Ардақ Назаровтың Парламент төрінде анасын туған күнімен құттықтауына қатысты пікір білдірді деп жазады Democrat.kz.
"Бұл рас болса, мемлекеттік, халықтық, тіпті халықаралық мәселелер талқыланып, шешілетін парламент (үкімет) қабырғасында, мемлекеттік мінберде мұндай баланың әңгімесі керек емес...
Якубовичтің "Поле чудесінде" отырсың ба, әлде Галкиннің "Лучше всехында" отырсың ба? Ертең отырсын сол бәрі, "анашымды құттықтаймын, әкешімді құттықтаймын, баламды құттықтаймын, қызымды құттықтаймын... класстастарыма сәлем жолдаймын, жерлестеріме сәлем жолдаймын..." деп...
Бірте-бірте Парламент мәжілісінде бір-біріңді туған күндеріңмен құттықтап, бешір жасап отыратын шығарсыңдар...
Бұлардың туысқандарының туған күні өздерінен басқа ешкімге қызық емес... Гүлін алып, үйіне барсын да, құттықтасын... қатырады... бара алмаса, телефонмен құттықтасын, курьерден гүл беріп жіберсін...
Парламент - ребячество көрсететін, показуха, мақтаныш, понт көрсететін, хайп жасайтын жер емес...
Тіпті, жеке журналистерге, телеарналарға сұхбат беріп отырған болсаң, құттықтасаң жарасады... жеке әлеуметтік желі парақшаларыңда сағаттап құттықтай бер... Парламент қабырғасында - айта алсаң, елдік мәселені айт, айта алмасаң, үндеме... кетіп қал...
Әрине, аналар аман болсын!."деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.