"Пысықтап жатырмын": Министр Жұлдыз Сүлейменова маңызды мәлімдеме жасады

"Пысықтап жатырмын": Министр Жұлдыз Сүлейменова маңызды мәлімдеме жасады

Оқу ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова әлеуметтік желідегі парақшасында маңызды мәселелерге қатысты мәлімдеме жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.

"Құрметті достар!
Осы аптада Үкімет отырысында жұмысшы мамандықтарды дамытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді баяндап, кейін баспасөз конференциясында журналистермен сұхбаттастым.

Баспасөз конференциясы ерекше әрі өте жылы өтті. Журналистер қоғамды толғандыратын өзекті мәселелерді ашық көтеріп, нақты әрі өзекті сұрақтар қойды.

Журналистердің сұрақтары арқылы қоғамның сұранысын, ата-аналар мен педагогтерді, жалпы білім саласына бейжай қарамайтын азаматтарды толғандыратын мәселелерді тереңірек түсінуге мүмкіндік болады.

Сондықтан журналистер қауымына кәсібилігі, ашықтығы және мазмұнды сұрақтары үшін зор ризашылығымды білдіремін.

Қазір баспасөз конференциясында көтерілген мәселелерді қайта қарап, нақты шешімді қажет ететін ұсыныстар пысықтап жатырмын. Олардың бірқатары бойынша тиісті жұмыстар жүзеге асырылуда.
Алдағы уақытта көтерілген сұрақтардың шешімдері туралы да айтатын боламын", - деп жазды министр.

Барлық жаңалықтар