"Қабір азабына дайындық" курсында титтей қызды тірідей топыраққа көмді

"Қабір азабына дайындық" курсында титтей қызды тірідей топыраққа көмді

Әлеуметтік желіде тараған төмендегі сұмдық видео жұрттың жағасын ұстатты деп жазады Democrat.kz.

Видео үстіндегі жазудан түсінгеніміз, Түркияға келген "арнайы" мамандар қабір азабына, қабірдегі өмірге дайындау бойынша арнайы оқу курстарын бастапты. 

Видеода титтей қызды топыраққа көміп жатқанын көруге болады. 

Бұл сұмдық курстың видеосын көріп отырып, бірнеше сұмдықты аңғаруға болады. Біріншіден, топыраққа көму дәрісіне неге титтей қыз таңдалған?

Екіншіден, мынадай надани әрекеттен діннің қадірі арта ма, әлде жиіркеніш тудыра ма?

Үшіншіден, өзі 21 ғасырда өмір сүрген пенденің сонау 5-6 ғасырдағы надандықты аңсап, сол ғасырдың өмірін сүргісі келіп, аңсауының ақыры немен бітеді?

Ал ең бастысы, діни догмаға шырмалған елдердің 99 пайызына осындай қараңғылық, кері кетушілік әрекеттерінің тән болуын қалай түсінбек керек?

Барлық жаңалықтар