Қай мамандықтар әскерден «отсрочка» алуға мүмкіндік береді?

Қай мамандықтар әскерден «отсрочка» алуға мүмкіндік береді?

Белгілі заңгер әскерден «босатылу» алуға қолайлы мамандықтар жайлы пайдалы ақпаратпен бөлісті деп жазады Democrat.kz.

« Бірінші мамандық ол мұғалім. Егер сіз мектепте, колледже, жоғары оқу орнында білім берсеңіз сізге жұмыс барысында «отсрочка» беріледі.

Екінші мамандық - ауыл дәрігерлері. Дәрігер оқуын аяқтап, ауылда жұмыс істегендерге де бұл құжат берілуі керек.

Үшіншісі авиацияда жұмыс атқаратындар: ұшқыш, авиа инженер, авиа механик, жолаушыларға қызмет көрсетушілер сынды мамандық иелері әскерден «босатылу» қағазын ала алады.

Төртінші бұл кеме қызметкерлері. Капитан, штурман, механиктер болса, бесінші мамандық депутаттар. Мәжіліс немесе маслихат депутаты болсаңыз бұл құжатты заңды түрде алуға болады.» - деп айтады Байзақ Аманғали өз видеосында.

Барлық жаңалықтар