"Қайрат аяп қоймасын деп білдірмедім"деген Гүлзира ханым мәлімдеме жасады

"Қайрат аяп қоймасын деп білдірмедім"деген Гүлзира ханым мәлімдеме жасады

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова жан сырын ақтарып, жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.

Мамасы көрмейтін шығар депті, көрмейін десем көзім бар демекші, менде 3 млнға жуық оқырмандарымның болмағанда 10 шақтысы Қайрат жайлы ақпараттарды жіберіп қояды ғой, әрине көремін.

 Бүгін ғана әңгіме болды, 31 ші қазан болатын Қайраттың концертіне билет сатылымға шықты деп салған кезінде жарты сағат ішінде 5 мың билет сатылып кетті деп.

Баяғыда деймін дә, инста жоқ, әр қаланың әрбір көшесіне жаяу жүріп, плакаттарымды үлкен сөмкеге салып алып, біртіндеп скотчпен, клеймен жабыстырып жүруші едім, бірде аяғымнан суық өтіп, суықтан қолымның икемі келмей, аязда не клеймен не скотчпен столбыларға жабыспай жыларман болып түнгі 3-4 те қайтушы едім, аңғал болдым ба неге ешкімнен көмек сұрамадым екен, көлігіңмен алып жүрші деп.

 Әлде уақыттарын кетірмейін өтініш жасап деп аядым ба екен, Қайрат мені аяп қоймасын деп білдірмегенім анық есімде, көңілін түсіргім келмейтін, онсызда күні-түні жолдан-жол шаршауы көп еді.

Өзім бір мейрамхана ашып алайын, не бір басқа бизнес ашайын деп ойламаппын, миымда тек ұлымның арманын орындау болыпты. Аллаға сансыз шүкірлер, ана үшін өз баласының жетістігі анасының жемісі мен жеңісі деп сахнаға шыққанымда көп айтушы едім, Алла қабыл етіпті.

Мейлі мақтанып қойдың мақтаншақ дей беріңіздер, маған бәрібір, не десеңіздер де жүрегімде қуаныш толып тұрғанда жасыра алмаймын.

Кім не деседе тарихта қаларына еш күмәнім жоқ. Сол кездерде Гүлзира анамыз деп мені де елдің еске алып өтерін білемін.

Алланың берген бағымен таласың болмасын демекші, әкешім өмірден өтіп кетіп, анашым жалғыз өзі 8 баланың 5 еуін оқытып-шоқытып, соңғы 3 еуімізге шамасы келмейтінін байқап, ақша сұрамадым, ол кезде 80 % тек ақшамен оқитын заман еді.

Алғаш мектепті бітірген жылы жоғарғы оқудан құладым, ауылға барып, көзім толы жас, анама байқатпай тізесіне басымды қойып көрсетпейін деп едім, ана жүрек бәрін сезіп қойды да: қызым еңсеңді түсірме, “Алла бақ берсін”- деді.

Әрбір қуанышқа бөленген сәтімде осы дұғасын тура осы сәтте айтып тұрғандай құлағыма келеді. Сол себепті сіздерге де ылғи Ала бақ берсін деп, бір ауыз сөзбен тілек жазатыным. Баршаңызға Алладан бақ тіледім!"деп жазды Гүлзира ханым. 

Барлық жаңалықтар