Әлеуметтік желідегі парақшасында Қайрат Нұртастың шешесі Гүлзира ханым, оқырманының біріне ашуланып, теріс бата берді деп жазады Democrat.kz.
"Келініме филиппиндік әйелді күтуші етіп жалдадым" деген видеосын бөліскен Гүлзира Айдарбекованың бір оқырманы қатты ашуына тиетін пікір жазған сыңайлы.
"Басыңа келсін🤲🏼 Ол менің туған інімнің қызы Анелья сіңлім, өзіміздің қолымызда оқуын бітірді. Қыз балаға жақындап кетсе тоқалы болуы керек па, аузыңды байқап сөйле жағың қарысқыр. Өткенде сен албастының жазғаныңды оқып жылап алды, не деген ұятсыз оңбағандар деп. Қызындай қолымызда өскен сіңілімді айдалада жүріп қызғанып не болды"деп жауап пікір жазған Гүлзира Айдарбековаға бір оқырманы үйде жүрген қызды "тоқал" деп ауыр дүние жазған сыңайлы.
Жаман пікір өшірілген болса керек, іздестіріп, таппадық. (Мақаланы ұрлап, сілтемесіз көшіріп беретін кей сайттарды заңды жауапқа тартатынымызды ескертеміз)
