Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі жұрт білмейтін сұмдықтарды жайып салды

Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі жұрт білмейтін сұмдықтарды жайып салды

Әлеуметтік желіде өзін Қайрат Сатыбалдының жары ретінде таныстырып жүрген Асылжан Есенқызы олардың қарым-қатынасының қалай басталғаны туралы көлемді жазба жариялады. Ол бұған дейін Сатыбалдының көп әйел алуына қатысты егжей-тегжейлі айтпағанын, алайда жұрттың өзін «гаремнің бір мүшесі» деп айыптауына байланысты үнсіз қалмауға шешім қабылдағанын жазды деп жазады Democrat.kz.

Асылжан Есенқызының сөзінше, Қайрат Сатыбалдының өзге әйелдерімен қарым-қатынасы оны қызықтырмаған. Ол өзін ешқашан ер адамның опасыздығына көніп, бәріне үнсіз шыдайтын әйел ретінде қабылдамағанын айтады.

«Мен ешқашан көнбіс болған емеспін. Оның сөзі мен әрекетін үнсіз жұтып отырған жоқпын. Опасыздыққа шыдайтын әйелдерді түсінбеймін. Неліктен ер адам үшін құрбан болу керек? Олар оны бәрібір бағаламайды», – деген ол.

Асылжан өзін «қосалқы нұсқа», «ыңғайлы әйел» немесе «айтқанға көнетін жар» болмағанын ерекше атап өткен. Оның баяндауынша, Қайрат Сатыбалды оны көп жыл бойы армандағанын айтып, түрлі жылы сөзбен баураған.

Жазбада Сатыбалдының оған:

«Сен маған жеті жасымнан бері түсіме кіретінсің», – дегені айтылады.

Сондай-ақ Асылжанның сөзінше, ол төрт жыл қатарынан қажылыққа барып, болашақ жарының қасиеттерін тілеп, дұға еткенін айтқан.

Есенқызы жариялаған мәтінде Қайрат Сатыбалды болашақ әйелінің сыртқы келбеті мен мінезіне дейін сипаттап берген көрінеді. Ол аққұба, қара шашты, білімді, қазақ тілін жетік білетін, көңілді, зерделі әрі зиялы отбасынан шыққан әйелді қалағанын жеткізген.

Алайда Сатыбалды бұл сипаттамалардың соңында:

«Бір ғана нәрсені сұрауды ұмытыппын — көнбістігін», – деп әзілдеген екен.

Асылжан Есенқызының айтуынша, оған қымбат сыйлықтардан гөрі ер адамның үздіксіз көңіл бөлуі мен бірге өткізген уақыты көбірек әсер еткен.

«Бай адам үшін ақша мен сыйлықтың құны шамалы. Олар кездейсоқ әйелдерге де жүздеген мың, тіпті миллиондаған доллар жұмсай алады. Бірақ бірнеше жыл бойы тәулік бойы уақытын арнау — мүлде басқа нәрсе», – деп жазды ол.

Асылжан олардың қарым-қатынасын ақыл мен тыныштықты билеп алатын, бір мезетте баурап та, күйретіп те жіберетін аса күшті сезім ретінде сипаттаған.

Оның сөзінше, Қайрат Сатыбалды:

«Өмірімнің соңына дейін сенімен бірге болғым келеді. О дүниеде де сен барда хор қыздарының керегі жоқ», – деген.

Асылжан дәл осындай сөздер оның жүрегіне сыйлықтан да қатты әсер еткенін жасырмаған.

Барлық жаңалықтар