Қайраттың әке- шешесі Жұлдыздың сәбиіне қатысты бар шындықты айтты

Қайраттың әке- шешесі Жұлдыздың сәбиіне қатысты бар шындықты айтты

Гүлзира Айдарбекова қай немересі ерекше ыстық екенін айтты. Жуырда әулеті қос немеремен толықан Айдарбековтер отбасы жұрттың көкейіндегі сауалға жауап берді, деп жазады  Democrat.kz. 

«Бұл Заңғардың бірінші баласы ғой. Ал Қайрат пен Жұлдыздың бесінші бала-шағасы. Бірінші болған соң басқаша болады да. Енді Жұлдыз барлығын үйреніп қойған әйел ғой», – деп қысқа қайырды Айдарбекова.

Ал Нұртас Айдарбеков болса: "Әркімнің айтатын әңгімесі ғой. Маған Рәбиясы кім, Әміресі кім, Ақмөрі кім, Ханы кім маған бәрі бірдей. Өйткені Қайрат, Аян, Заңғар үшеуі де менің балдарым. Сондықтан ешкім басын ауыртпасын, Жұлдызыңа да, Әйгеріміңе де" деп салды. 

Барлық жаңалықтар